08 маусым 2020 11:16

Нұр-Сұлтан әуежайында NQZ әріптері орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында жаңа код - NQZ үлкен әріптері қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында жаңа код - NQZ үлкен әріптері қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл код бүгін 2020 жылғы 8 маусымда берілді. Енді TSE ескі код саналады.

Бұдан әрі әуе билеттерін брондағанда, жүк сөмкесінде, ақпараттық таблоларда әуежайдың жаңа коды - NQZ қолданылады.

Әдетте, код қаланың немесе әуежайдың атына байланысты қойылады. 1961 жылдан бастап әуежайда TSE коды болды. Ол кезде қала Целиноград деп аталатын. 2017 жылдан бастап астаналық әуежайдың кодын өзгерту туралы келіссөздер жүргізілген. Сол жылы әуежайдың атауы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орай өзгертілген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети