08 сәуір 2021 12:28

Нұр-Сұлтан дәрігерлері Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғам үшін маңызды діни мереке - қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Ол еліміздегі көп адам үшін үлкен маңызға ие. Қаланың барлық тұрғынынан мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Халықтың рухани, діни көзқарасына құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус бәрінің денсаулығына қауіп төндіреді", - деп ескертті Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Бас дәрігер қала тұрғындарына шектеу шараларын сақтауға және ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үйде жиын өткізбеуге кеңес берді.

"65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында. Осыған байланысты қасиетті ай кезеңінде ауызашарды тек отбасы ортасында өткізу ұсынылады. Пандемия кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды екенін ұмытпаңыз", - деп қосты ол.

Еске салайық, биыл Рамазан айы 13 сәуірден 12 мамырға дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети