09 сәуір 2021 12:35

Нұр-Сұлтанда жиналып ауызашар өткізуге тыйым салынады - дәрігерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда Рамазан айында адам көп жиналатын діни іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, жиналып ауызашар өткізуге болмайды. Бұл туралы қалалық бас санитария дәрігердің орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда Рамазан айында адам көп жиналатын діни іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, жиналып ауызашар өткізуге болмайды. Бұл туралы қалалық бас санитария дәрігердің орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рамазан айында жамағатпен жұма намазына және бес уақыт намаз оқуға баруға тыйым салынады. Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерінің арасындағы ауызашарды санамағанда, көп адам жинап үйде ауызашар жасауға тыйым салынады", - деді Пірәлиева елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Бас санитария дәрігердің орынбасары 60 жастан асқан адамдар әлсіз топта екенін еске салды. Сондықтан адамдарға қажет болмаса, тұрғылықты жерінен шықпауға кеңес берілетінін ескертті.

"Созылмалы аурулары бар адамдар учаскелік дәрігерімен кеңесіп, ораза ұстамас бұрын міндетті түрде ұсыныстар алуы керек. Қарттар мен кәмелетке толмағандардан жағдай тұрақталғанша мешіттерге барудан бас тартып, үйде дұға ету сұралады", - деп қосты ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айы қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети