17 қаңтар 2020 08:26

Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау мектептерінде сабақ тоқтатылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің бірнеше қаласының мектептерінде боран салдарынан сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздің бірнеше қаласының мектептерінде боран салдарынан сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасы хабарлайды: 2020 жылдың 17 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Қарағанды мен Саран қалаларында бірінші ауысымның 0-4 сыныптарында сабақтар тоқтатылды.

"Басқа сынып оқушылары ата-анасының шешімі бойынша (мектептің алыстығын ескере отырып) мектепке барады", - деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

Теміртауда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети