Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді.

Сонымен қатар, үкімет бұл қалаларға кімдердің кіріп-шыға алатынын түсіндірген болатын.

Сондай-ақ, бас прокуратура карантин кезінде тәртіп бұзғандар 26 510 теңгеге (10 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін немесе 15 тәулікке қамауға алынатынын ескерткен. Ал билік өкілінің талабын орындамағандар 5 милллион 302 мың теңге (2 000 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) айыппұл төлеуі немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда азық-түлік қоры жеткілікті екенін, карантинге қарамастан дәрігерлер, полицейлер, коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмыс істей беретінін айтты. Ал Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев карантинде мекемелерді қашықтан жұмыс істеуге шақырып, балабақшалар жабылатынын ескертті.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. 18 науқас Алматыда, қалған 18-сі Нұр-Сұлтанда.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro