Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды © REUTERS

Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

19 наурыз сағат 00:00-ден келесі шаралар күшіне енеді:

  • карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;
  • карантин аймағының периметрін белгілеу және одан кіру/шығу пункттерін анықтау;
  • адамдардың жүріп тұруын, сондай-ақ көлік құралдарының кіруін/шығуын шектеу;
  • үш санат бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету: жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндік;
  • халықты азық-түлікпен жабдықтауды ұйымдастыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуі үшін оңтайлы, азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалық аумақтағы секторларды және олардың шекараларын анықтау;
  • қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;
  • азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлар сатылатын сауда базарларының, ірі сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сату жөніндегі оларда орналасқан объектілерді қоспағанда, тоқтата тұру;
  • санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, "клиенттерге жеткізу" қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жаңа жұмыс режимін белгілеу;
  • ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;
  • карантин аймақтарындағы халықтың және әрбір сектордың тамақ өнімдеріне, дәрі- дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен бірінші қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін айқындау;
  • карантин аймағының әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша азайтуды ескере отырып, сауда және азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;
  • ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шаралар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети