02 тамыз 2021 17:05

Нұр-Сұлтан мен Алматыда сауда орталықтары мен кафелер қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының бас санитария дәрігерлерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Құжаттарда бірқатар кәсіпкерлік нысанға жаңа жұмыс режимі қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының бас санитария дәрігерлерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Құжаттарда бірқатар кәсіпкерлік нысанға жаңа жұмыс режимі қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімдігі сайтындағы мәлімет бойынша, Ashyq жобасына қатыспайтын бірқатар кәсіпкерлік нысан жұмысына тыйым салынған. Дәріханалар, азық-түлік дүкендері, байланыссыз қызмет көрсететін нысандар тізімге кірмейді.

Сауда орталықтары мен кафелерге Ashyq жүйесіндегі QR-кодты сканерлеу арқылы кіруге болады. Бұл нысандардың жұмыс кестесі таңғы сағат 7-ден 20.00-ге дейін белгіленген (жұмыстың нақты уақытын СОО және т.б. өкілдерінен нақтылау ұсынылады). Сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынған.

Ashyq жобасына қатыспайтын мейрамхана, кафе, асхана орналасқан жеріне қарамастан адамдарға тамақты тек шығарып бере алады.

Ashyq қатысушыларына тек жұмыс күндері 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл ретте мекеме залына тек 50 адам кіргізе алады.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігері қаулысының толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.

Алматыда Ashyq жобасына қатысатын сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен сауда желілеріне жұмыс күндері 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (жұмыстың нақты уақытын СОО және т.б. өкілдерінен нақтылау ұсынылады).

Кафе, мейрамхана, асхана, жазғы алаңдар 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Ішкі залына 50 адамнан артық кіргізілмейді.

Тамақтану нысандарында жұмыс күндері 7.00-ден 20.00-ге дейін, 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын келушіні қабылдап, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Демалыс күндері олардың жұмысына тыйым салынады.

Алматы қаласының бас санитария дәрігері қаулысының толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети