06 қазан 2021 11:42

Нұр-Сұлтан мен тағы үш өңірде ҚАЖД басшылары тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Президент Әкімшілігінің келісімімен төрт өңірде қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастықтары тағайындалғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Президент Әкімшілігінің келісімімен төрт өңірде қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастықтары тағайындалғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада ҚАЖД-ны әділет полковнигі Дәулет Рахымбеков басқарады, ол бұрын қалалық ҚАЖД орынбасары қызметін атқарған. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Қызмет жолын қылмыстық-атқару жүйеде ІІБ жанындағы ҚАЖКБ ЕС-164/7 мекемесінің жедел бөлімі уәкілі болып бастаған. Одан кейін ҚАЖК және Ақмола облысы аумақтық департаментінің бөлімшелерін басқарған.

Шымкентте әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков қызметке келді. 1995 жылы ОҚО Әл-Фараби аудандық ІІБ бөлімшесінде тергеушінің көмекшісі болып қызмет атқарған. 2002 жылдан бастап қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етеді. Кейінгі атқарған қызметі - ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары.

Алматы облысында - бұрын ҚАЖК жедел басқарма бастығы қызметін атқарған әділет полковнигі Игілік Хасенов. 1998 жылдан бастап еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі қатарында қызмет етеді. Еліміздің түрлі аймақтарында басшылық лауазымдар атқарған.

Жамбыл облысында әділет полковнигі Нияз Рысбаев қызметке келіп отыр. Еңбек жолын ҚАЖ-да жасақ бастығы қызметінен бастап, түрлі лауазымдарды, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарған. Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети