21 тамыз 2021 09:51

Нұр-Сұлтан орталығындағы ғимаратты бұзу себебі аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласы Сарайшық көшесіндегі құрылысы аяқталмаған ғимаратты бұзу себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы Сарайшық көшесіндегі құрылысы аяқталмаған ғимаратты бұзу себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғимарат құрылыс жұмыстары ережесін бұза отырып тұрғызылды. Сонымен қатар, ұзақ уақыт тоқтап қалу салдарынан құрылым конструкциялары бұзылып жатыр. Әрі қарай жұмыс істеу қауіпті", - деп түсіндірді "Astana" ӘКК" АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Алаңда Халықаралық ұйымдар орталығы (CIO) кіретін көпфункционалды кешен салу жоспарланып жатыр. Бұл ретте "Astana" ӘКК" АҚ жоба толықтай инвестор есебінен қаржыландырылатынын айтты.

"Бұл құрылысты қаржыландыруды ұйымдастыру, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және оны белгіленген тәртіпте бекіту, мердігерлермен құрылыс шарттарын жасау, нысанды пайдалануға беру, нысанды барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестор құрылыс үшін қажетті басқа да жұмыстарға жауап береді", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда құрылысы аяқталмаған ғимаратты бұзып жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети