25 сәуір 2021 15:26

Нұр-Сұлтан тұрғындары опырылған жаяу жүргіншілер жолына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер жолындағы шұңқыр видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер жолындағы шұңқыр видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың біріне видео жариялады. Онда Тәуелсіздік-Қажымұқан көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында тереңдігі бір метрге жуық шұңқыр пайда болғанын көруге болады.

"Мына шұңқырды көріп, аузыма сөз түспей қалды. Бұл қалай болғаны? Өте қауіпті! Құдай сақтасын, балалар шұңқырға түсіп кетсе, кім жауап береді?" - деді әйел.

"Астана Су Арнасы" баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 24 сәуірде сағат 17.08-де Тәуелсіздік және Қажымұқан көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолы бөлігінде Д=800 кәріз коллекторы істен шыққан.

"Сонымен қатар, бұл жағдай көлік қозғалысына кедергі емес және жақын маңдағы тұрғын үйлер ауыз судан ажыратылмайды. Қазіргі уақытта "Астана Су Арнасы" авариялық топ қызметкерлері жаяу жүргіншілер жолындағы коллектор мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді "Астана Су Арнасы" өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети