06 маусым 2020 16:20

Нұр-Сұлтанда 10 жылдан бері бос жатқан жерге гүлзар салынып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 10 жылдан бері бос жатқан жерге гүлзар салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  


Нұр-Сұлтанда 10 жылдан бері бос жатқан жерге гүлзар салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Нұр-Сұлтанның барлық ауданында аулалар мен аулаішілік аумақтарда абаттандыру жүріп жатыр.

Биыл 150-ге жуық аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар мен гүлзарлар) абаттандырылады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бүгін бірқатар аула мен гүлзардағы жұмыс барысын аралап көрді.

Күрелген апаттық жағдайдағы үйдің орнында (Есенберлин көшесі, 36 үй) қазір жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарына арнап жаңа аула салынады. Алаң бірнеше аймаққа бөлінген: балаларға арналған ойын алаңы, мини-футбол мен баскетбол үшін спорт алаңы, жаттығу құралдары бар спорт алаңы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін серуендейтін жер. Бұған қоса жобада көлік тұрағы ескерілген.

Бұған дейін аралау кезінде Жеңіс даңғылының тұрғындары (Жангелдин көшесінің қиылысы) балалар алаңы жоғын айтып, аумақты абаттандыру туралы мәселе көтерген болатын, қазір онда аула мен көлік тұрағы салынып жатыр. 10 жылдан бері бос жатқан жерде (Сарыарқа даңғылы, 23) жақын арада жаңа гүлзар пайда болады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмысты сапалы істеу керегін атап өтті.

"Аулаішілік аумақтар, балалар алаңы мен гүлзарларды біз осы ауданда тұратын тұрғындар үшін, үлкендердің демалатын, ал балалардың ойнайтын жері болуы үшін істеп жатырмыз. Аулаларды халықтың пікірін ескере отырып аббаттандыру керек. Ол үшін биыл қаланың барлық ауданында "Бюджетке қатысу" бағдарламасы іске қосылды. Тұрғындар қай ауланы абаттандырып, балалар алаңына не орнату керек екенін өздері шешеді. Алайда тұрғындар өз аулаларын күтіп ұстау қажетін түсінуі тиіс. Көгалдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлеміз. Биыл 30 мың ағаш отырғызамыз", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети