12 наурыз 2021 11:23

Нұр-Сұлтанда 1200-ден аса оқушы коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 1234 жағдайы тіркелді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 1234 жағдайы тіркелді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқу жылының басынан бастап 12 наурыздағы жағдай бойынша оқушылар арасында 1234 CОVІD-19 жұқтыру дерегі тіркелген. Оның ішінде 295 немесе 23,9 пайызы офлайн режимде оқитын оқушылар арасында, 939 жағдай (76,1 пайыз) - қашықтан оқитын оқушылар арасында", - деп хабарлады Бейсенова елорда әкімдігі баспасөз конференциясында.

Санитар дәрігер мәліметіне сүйенсек, оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 89 мектеп карантинге жабылған. Қазіргі уақытта 22 мектеп карантинде.

Бейсенованың айтуынша, елордада білім беру нысандарында тамақтандыруды мәселесі қаралмайды.

"Жалпы республика бойынша еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №5 қаулысына сәйкес, №67 қаулының 46-қосымшасы талаптарын сақтай отырып, білім беру нысандарындағы қоғамдық тамақтандыру қызметіне рұқсат берілді. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты білім беру нысандарында тамақтандыруды мәселесі қаралмайды", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети