24 желтоқсан 2020 20:43

Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысына 26 желтоқсаннан бастап рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысына 26 желтоқсаннан бастап рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысына сәйкес, 26 желтоқсаннан бастап қала  кинотеатрларына санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

"Кинотеатрларға отыратын орындар санының 30 пайызынан аспайтын көлемде жұмыс істеуге, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі орындық арқылы және қатарлар арасында шахматтық тәртіппен отырғызуға рұқсат етіледі. Жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кестесі - 10.00-ден 24.00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеуге рұқсат берілсін. Карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталған жағдайда кинотеатрлар жұмысы тоқтатылады", - делінген қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында.

Алайда ешқандай да акция ұйымдастыруға болмайтыны айтылады.

Бұдан басқа, мереке күндері қарсаңында мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалардың жұмыс уақыты 24.00-ге дейін ұзартылады. Күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан асырмау керек, мекеме ішінде адам саны 30-дан аспауы керек.

Бірақ жұмыс кестесі 22.00-ге дейін сақталатын тұрғын үй ғимараттарында орналасқан нысандардың жұмысындағы шектеу сақталады.

Бұл ретте ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық шараларды, оның ішінде жаңажылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және мерекелеудің басқа да түрлерін өткізуге қатаң тыйым салынады.

Карантин және шектеу шаралары бұзылған жағдайда нысандардың қызметі тоқтатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети