13 мамыр 2022 11:33

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды қағып алған тағы бір ер адам марапатталды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды қағып алған тағы бір адам - Сағи Жылқышиев те марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды қағып алған тағы бір адам - Сағи Жылқышиев те марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде досы Сәбит Шонтақбаевпен бірге сегізінші қабаттың терезесінен құлап бара жатқан қызды құтқарған Сағи Жылқышиевті марапаттау рәсімі өтті.

"Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ҚР ТЖМ бұйрығымен "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен, алғыс хатпен және қол сағатымен марапатталды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 мамырда Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде, адамдарды көріп, 8 қабатта тұрған баланың айқайын естіп, дереу подъезге жүгірген болатын. Көршілер арқылы 7 қабатқа көтерілген Сәбит Сағимен бірге баланы құтқармақ болған. Сәбит терезеден өтіп, Сағи досы бір қолымен аяғын, екінші қолымен терезені ұстап сақтандырып тұрды.

"Біз айқайларды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік, ойымыз тек баланы құтқару болды, ойланбастан жүгірдік", - деген еді Сағи Жылқышиев.

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан құлаған қызды құтқарған екінші адам кім?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети