1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда алғаш рет онлайн той өткізілді24 наурыз 2020, 09:37

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда алғаш рет онлайн той өткізілді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Телеарна мәліметінше, елімізде алғаш рет ата-анасынан бейнеқоңырау арқылы ақ батасын алып, некесін онлайн қиған Азамат пен Әсел неке қию рәсімін Ұлыстың ұлы күні –  әз-Наурыз мейрамына орай жоспарлаған. Құдалық пен ұзату, неке қию Арыс қаласында 22 наурызда өтуі тиіс болған екен.

"Шынын айтсақ, 2 күнге дейін не істерімізді білмей жүрдік. Екі жас өзіміз барып қайтамыз ба? Әлде қалай деп ойланып жүрген кезімізде үлкендер өздері шешімге келіп, жұбайымның ата-аналарына хабарласып, онлайн түрде ақ батасын алды. Біз енді Қазақстанда алғаш онлайн үйленген жұппыз деп әзілдейміз. Қазіргі қауіпсіздік шараларын сақтана отырып, өзіміздің ағайын-туыстың арасында, кішкентай ғана үйде келін түсіру отырысы болды. Мешіттен имам шақырып, ақ некемізді, ең бастысы Алланың алдындағы аманат пен ата-ананың алдындағы аманатты жасадық. Сөйтіп, шағын тойымыз өтті, қазір үйде жатырмыз бал айын өткізіп", – деді Азамат Асқарұлы.

Бастысы қос ғашықтың бақытты болып кетуі дейді жақындары.  

"Әрине, қыз ұзату болмайды, тек құдаласу болады Алла бұйыртса. Осы дерттен аман шықсақ, екі жақтың танысуы болады. Оның бәрі алда. Біздің ниетіміз  бен жоспарымыз бойынша неке қию Арыс қаласында өтуі керек болған. Бірақ бәрі осы жақта болды. Оның барлығын жұбайымның ата-анасы, әпкелеріміз телефон арқылы хабарласып, сырға салудың барлығын үстел барысында барлығын көрсетті", – деді Әсел Әбдімәлікқызы.

Ал ұл жақтан Арысқа 20 шақты адам бармақ болыпты. Олар барып-қайтар билеттерін қайтарып жатыр. Асығыстық жоқ дейді. Себебі төтенше жағдайға байланысты билеттерін өткізіп жатқандар көп көрінеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!