17 ақпан 2020 18:11

Нұр-Сұлтанда балабақша маңында қараусыз қалған 4 жасар қыз бала табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/orucnnad © twitter.com/orucnnad

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы "балабақшадан кетіп қалған" төрт жасар қыз туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы "балабақшадан кетіп қалған" төрт жасар қыз туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана - Что? Где? Когда?" тобының әкімшісі Ерлан Сәкенов әлеуметтік желіде қыз баланың №73 балабақшадан өздігінен кетіп қалды деген ақпарат пайда болғанын айтты. 

"Twitter желісінде orucnnad нигімен тіркелген қолданушы баскиімсіз жүрген қызды көшеден көріп қалғанын айтты. Оның айтуынша, ол балабақшадан кетіп қалған, өйткені оны ешкім алып кете қоймаған", - деп жазды Ерлан Сәкенов Facebook желісіндегі парақшасында. 

Білім басқармасының өкілдері баланың отбасы №73 балабақшаның жанында тұратынын, ал баланың анасы осы балабақшаның тәрбиешісі екенін айтты. 

"Бүгін, 17 ақпанда бала әкесімен бірге үйде болған, бала балабақшада болмаған. Баланың әкесі ұйықтап қалған кезде, қыз бала өз бетімен көшеге балабақша бағытына қарай шығып кеткен. Осы кезде көшеде кетіп бара жатқан ерлі-зайыптылар қызды көріп қалып, балабақшаға апарған. Содан кейін қыз бала балабақша тәрбиешісінің көмекшісіне тапсырылған", - деді басқарма өкілдері. 

Сондай-ақ, ведомство өкілдері балабақша әкімшілігі баланың әкесімен түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети