01 қазан 2021 17:04

Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Еңбекмин ғимаратының алдына жиналды

Фото: t.me/abzhannews Фото: t.me/abzhannews

Нұр-Сұлтанда әйел адамдар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында зейнетке шығу жасын азайтуды талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда әйел адамдар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында зейнетке шығу жасын азайтуды талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктер үйінің алдына "Әйелдер зейнет жасын төмендетуді қолдайды" қозғалысының мүшелері келді. Оқиға орнынан түсірілген видеолары журналист Махамбет Абжан Telegram-арнасында бөлісті. Суреттерден әйел адамдар зейнетке шығу жасын 58 жасқа азайтуды талап етіп жатқанын көруге болады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналғандардың алдына әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегай, министрдің кеңесшісі Шыңғысбек Сұлтанбеков және ведомствоның басқа да өкілдері шыққан. Министрлік өкілдері әйел адамдарды қоғамдық қабылдауға шақырды.

"Олар әйелдердің зейнет жасын одан әрі көбейтпеуді, оны бүгінгі 60 жас деңгейінде белгілеуді, зейнеткерлік жас алдындағы себептер бойынша жұмысқа қабылдау кезінде кемсітуге жол бермеуді, зейнет жасы алдындағы еңбекақы деңгейінің төмен екенін атап өтті", - деді министрлік баспасөз қызметінің өкілдері.

Жиналған әйел адамдарға олардың ұсынысы жақын арада сараптама жасалып, жұмыс тобының отырысында қарастырылады деп уәде берілді. 

Министрлік өкілдері заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жас, ал әйелдер үшін - 60 жас екенін, одан әрі біртіндеп 2027 жылы 63 жасқа дейін көтерілетінін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети