06 тамыз 2019 17:34

Нұр-Сұлтанда дәрігермен жанжалдасқан ер адамның видеосы тарады

Нұр-Сұлтан балалар ауруханасының дәрігері мен баланың әкесі арасында жанжал болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан балалар ауруханасының дәрігері мен баланың әкесі арасында жанжал болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 тамызға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасында болған. Ауруларды қабылдау бөлмесінде түсірілген видео Желіге шығып кеткен. Кадрда ер адам мен дәрігердің дауыстап сөйлейтіні көрінеді. Аурухана қызметкерлері болып жатқан жағдайды бақылап отыр.

Реклама
Реклама

"Демалыс күндері менің бір жарым жастағы ұлым өзін нашар сезініп, оның іші ауырып, қызуы көтерілді. Учаскелік дәрігер бұл күндері жұмыс істемейді. Жексенбі күні температура 38-39-ға дейін көтерілді. Біз жедел жәрдем шақырдық. Фельдшер баланы қарап шығып, УДЗ өту керектігін айтты. Құжатта соқырі шек және пиелонефрит болуы мүмкін деп жазды. Ауруханада бізден қан алмай, тек несеп алды. Хирург оны қарап, ішін түртіп көріп, бәрі жақсы, үйге баруға болады деп айтты. Анықтамада ЖРВИ жазған", - дейді кішкентай пациенттің әкесі Әділет Ғабдолла.

Әкесі таңғалып, басқа маманды шақыруды талап еткен.

"Әрине, хирургиялық тұрғыдан бізде бәрі жақсы, бірақ қызуы қайтпады ғой. Мен педиатр шақыруды немесе тағы қарайтын тағы біреуді шақыруын талап еттім. Осы кезде хирург дауыс көтере бастады, дәрігер мен қандай да бір қорытынды жасайтындай кім едің дегендей қылды. Келесі күні өзіміздің учаскелік педиатрымызға баруымыз керектігін айтты. Бірақ оған дейін 9 сағат бар еді, ұлымның жағдайы осы уақытта не боларын білмедім. Әрине, шыдамадым, айқайлай бастадым, телефон камерасын қосуға мәжбүр болдым. Егер бастапқыда педиатрға жіберсе, дым да болмас еді. Нәтижесінде біз кетіп қалдық, келесі күні басқа дәрігерге жүгіндік. Ұлымда ЖРВИ емес, бауырында проблема бар екені анықталды", - деп жалғастырды әкесі.

Оқиға жайлы ауруханадағылар да түсініктеме берді.

"Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар бүкіл Қазақстан бойынша жиі қайталанады. Бұл жағдайда әкесінің талаптары сәл орынсыз болды, оның тарапынан арандату болды. Содан кейін ол қызметкерлерді камераға түсіре бастады, бірақ олардың келісімінсіз құқығы болмады. Қандай жағдай болса да біз ішкі тексеріс жүргізіп, кінәлілер жазасын алады. Сондай-ақ қызметкерлермен әңгіме жүргізіп, мұндай жағдайда не істеу керектігін, қайда хабарласу керектігін айтамыз", - деді аурухананың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Айдын Әшімханов.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram