23 маусым 2019 15:03

Нұр-Сұлтанда дуатлоннан жарыс өтті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін бас шаһарда өткен дуатлонға шамамен мың жарым адам қатысты, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.


Бүгін бас шаһарда өткен дуатлонға шамамен мың жарым адам қатысты, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Жарыс "Бәйтерек" монументі алаңынан басталды. Кәсіби және әуесқой спортшылар үш түрлі шақырымды еңсерді. Алғашында олар 5 шақырым жүгіріп, 20 шақырым қашықтықты велосипедпен бағындырды. Ал соңында 2,5 шақырымға жүгіру сынағынан өтті. Барлық қатысушы марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Спорттық сайыс осымен төртінші мәрте өткізілді.

"Дуатлон - бұл кез келген спортшыға көздеген мақсатына жетуге үйренген азамат үшін берілген сынақ. Мен түбегейлі үздік нәтиже көрсетуге талпындым деп айта алмаймын. Бірінші кезекте өзімнің төзімділігімді сынап, өзіме баға бердім. Менің мақсатым қашықтықты соңына дейін жүріп өту болды", - деді дуатлонға қатысушы Гүлмира Есімова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети