1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда эпидахуал қолайсыз. Елорда әкімдігіне тапсырма берілді 23 маусым 2021, 08:43

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып қалып отыр: соңғы аптада КВИ жұқтыру саны өсуі 43 пайызға тең болды,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Алексей Цой мен Ералы Тоғжанов. © COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Алексей Цой мен Ералы Тоғжанов. © COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып қалып отыр: соңғы аптада КВИ жұқтыру саны өсуі 43 пайызға тең болды, төсек-орын жүктемесінің артқаны және емдеуге жатқызылатын науқастар санының ұлғаю тенденциясы байқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында мәлім болды.

Сонымен қатар, кеңесте Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы тарапынан қаланың медициналық мекемелері эпидемияға қарсы режимнің бұзылғандығы, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмектің уақытылы көрсетілмейтіндігі мен сапасыздығы, сондай-ақ мониторингтік топтар жұмысының әлсіреуі, халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді. 

"Биылғы мамыр айында елорда бойынша халықты КВИ-ға қарсы иммундау көрсеткіші сәуір айымен салыстырғанда 50 пайызға төмендеген. Барлық анықталған кемшілік бойынша Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне бір апта ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін оларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды", - делінген хабарламада.

Бұл мәселе ВАК-тың тұрақты бақылауында болатыны айтылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1248 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болған еді. Өңірлер тізімінде ауру жұқтыру дерегі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бірінші тұр. Елордада кейінгі тәулікте 413 адам COVID-19 жұқтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!