Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда жаңа карантин шаралары енгізілді 22 қаңтар 2022, 09:42

21 қаңтарда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "Елордадағы шектеу және карантин шаралары туралы" жаңа қаулыға
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова. © inbusiness.kz Елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова. © inbusiness.kz

21 қаңтарда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "Елордадағы шектеу және карантин шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін қойылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Маска тағу, қашықтық сақтау және антисептик қолдану талаптарын да қатаң сақтауы қажет. 

Әкімдікке, кәсіпкерлер палатасына, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, кәсіпкерлік субъектілеріне бірқатар кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын қолануды жалғастыру тапсырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына елорда тұрғындары арасында вакцинация мен ревакцинация жүргізуді жандандыру тапсырылды.

Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram