21 қыркүйек 2021 14:08

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан басталады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы 23 қыркүйекте басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы 23 қыркүйекте басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, елордада кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу беру жүйесіне қосылған. Оның ішінде медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. әлеуметтік нысандардың дайындығы - 100 пайыз.

Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар белгіленді. Қатты отынды сатып алу кезінде дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермес үшін қоймаларда жеткілікті қор көлемі бар.

Қала әкімінің айтуынша, "Көктал-1", "Көктал-2", "Теміржолшылар", "Агроқалашық" елді мекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды.

Қарашаға дейін Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агроқалашық (қосылмаған бөлік) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл елді мекендерді жыл аяғына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети