23 қаңтар 2020 12:59

Нұр-Сұлтанда қар борап тұр: желі қолданушылары суреттер мен видеолар жариялап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан әкімдігі тұрғындарды боран соғуына байланысты үйден шықпауға және қозғалысты шектеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтан әкімдігі тұрғындарды боран соғуына байланысты үйден шықпауға және қозғалысты шектеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қар борап, қатты соққан желдің және боран соғуына байланысты барлық техника жұмылдырылды. Қала тұрғындарын барынша үйден шықпауға, қозғалысты шектеуге, оның ішінде қаланың ішінде де шақырамыз. Бұл сізді соқтығысудан, жол апатынан аман алып қалуы мүмкін, себебі көру мүмкіндігі тым төмен. Біз қазір қалада жұрмыз. Қар борап тастауына байланысты кейбір желерде қозғалыс тоқтап тұр, сол себепті кезекші техника қойып жатырмыз. Олар жолды тазалайды. Жел қатты соғып тұр", - деді Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев. 

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде осы ауа райы сақталады екен. 

"Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрыңғыдай республиканың басым бөлігі Ресей және Скандинавианың солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан көптеген облыстарда қар, бұрқасын, екпінді батыс желі, солтүстік облыстарда желдің күші секундына 30 метр жетуі мүмкін, сондай-ақ тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 5-8 градусқа, солтүстік облыстарында 8-13 градусқа жоғары сақталады", - делінген хабарламада. 

Нұр-Сұлтан тұрғындары Желіде борап тұрған қардың суреттері мен видеоларын белсенді түрде бөлісіп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

А тем временем в Астане... #буран #метель #зима2020 #астана

Публикация от ????✂️Gazinur✂️???? +7(701)6738549 (@gazinur_kz)

Нұр-Сұлтанда екінші ауысымда сабақ болмайды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Когда у тебя Папа мотиватор ????, настоящий Астанчанин . ????: причёсывайте видео в direct или на what’s app

Публикация от NUR-SULTAN|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Скажите это нормально?Кран вертится вокруг оси,да с такой силой.Я ещё сняла не в тот момент,дальше где порыв ветра,он вообще,набирает обороты.Рядом остановка.Жагалау 4,кран насколько мне известно от застройщика Котлярова.Вообще,живем там на свой риск и страх,дом на ладан дышит,все гремит и летает,да ещё этот кран всю жизнь стоит БЕЗ ДЕЛА.Как будто специально напоминает:бойтесь всего,здесь все не качественно.Бугор да яма,плитка летает,тротуаров нет,света нет!????????‍♀️ . ????: от подписчика группы ????????

Публикация от NUR-SULTAN|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

Қала тұрғындары автобустардың тұрып қалып жатқанын айтып жатыр. Түннен бері қалада 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети