1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды 15 қаңтар 2021, 18:08

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Құжат 18 қаңтар дүйсенбіден бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулы бойынша:

1.1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салу;

1.2. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру;

1.3. бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтардан басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу;

1.4. қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар, компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;

1.5. 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу;

1.6. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) маска тағу, қашықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!