26 қазан 2020 07:43

Нұр-Сұлтанда караоке-барға келгендер полициядан қашып, екінші қабаттан секірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/zhaloby_astana © instagram/zhaloby_astana

Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған SOVA караоке-барының қызметкерлері және қонақтары полициядан қашу үшін екінші қабаттың терезесінен секірді. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 25 қазанда болған. 

"Полиция қызметкерлері түнде патрульдеу кезінде Күйші Дина көшесінде орналасқан SOVA караоке-барының алдында бір топ адам тұрғанын байлайды. Олар автопатрульді көріп, карантинді бұзып жатқанын білген соң ғимаратқа қашып кірген. Содан соң бардың әкімшілігі мен клиенттері екінші қабаттан секіріп, полициядан қашқан. Ешкім зардап шекпеді", - деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, мекеме басшысына қатысты жиналған материал процессуалдық шешім шығару үшін Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.

Полициядағылар SOVA караоке-барында карантин режимін бұзған фактілер бірнеше рет тіркелгенін атап өтті.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети