Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте 8 мыңнан аса адам ақы төлеуден жалтарған

15 Қазан, 10:38
0
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте 8 мыңнан аса адам ақы төлеуден жалтарған -

Нұр-Сұлтанда автобуста ақы төлеуден жалтарғандардан 42 миллион теңге өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана LRT" өкілдерінің мәліметінше, 2019 жылы 10 айда жол ақысын төлеуден жалтарған 8 284 дерек тіркелді. 10 айда айыппұл мөлшері 41 миллион 859 мың 450 теңге болды.

Осы мерзімде тасымалдаушылар тарапынан 60 782 бұзушылық (жоспар орындамау) тіркелген. Оларға 109 миллион 351 мың 564 теңге айыппұл салынды. 

Сондай-ақ, "Астана LRT" мәліметінше, жыл басынан бері автобус жүргізушілері 923 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Төрт жүргізушіні алты айға көлік жүргізу құқығынан айырған. Айыппұл мөлшері - 9 миллион 983 мың 575 теңге. 

10 айда 986 жол-көлік оқиғасы болған. Оның 313-і автобус жүргізушісінің кесірінен болған. 150 адам зардап шеккен, екі адам қаза тапты. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай