17 маусым 2020 | 16:17

Нұр-Сұлтанда коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі қолданылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.co Фото:elements.envato.co

Нұр-Сұлтанда науқастарға коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі беріліп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда науқастарға коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәрі беріліп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы комиссия коронавирус инфекцисын емдеу туралы хаттамаға үнемі өзгерістер енгізіп отырады. Біз бекітілген хаттама бойынша жұмыс істейміз. Дексаметазон препараты туралы айтатын болсақ, иә, бізде ондай препарат бар. Оны біздің әріптестер ауруы асқынған науқастарды емдеу процесінде қолданып жатыр", - деді Қисықова.

Айта кетейік, мұның алдында ұлыбританиялық ғалымдар дексаметазон препаратының коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектесетіні анықтаған еді. Мұндай шешімге Ұлыбритания ғалымдары келген.

RECOVERY клиникалық зерттеуі Ұлыбританияда наурызда басталған. Жобаға жалпы 11 500 науқас 175 аурухана бойынша қатысып, түрлі дәрі-дәрмекті сынақтан өткізген. 

Ал кейінірек ДДҰ коронавирустан өлім қаупін азайтатын дәріге қатысты пікір білдірген болатын. "Бұл коронавирус жұқтырған науқастардың арасында өлім қаупін төмендеткен алғашқы дәрі", - деп мәлімдеген еді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети