Нұр-Сұлтанда лифт ішінде дәрет сындырған әйел табылды

20 Қазан, 18:00
0
Нұр-Сұлтанда лифт ішінде дәрет сындырған әйел табылды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері "Мұнар" тұрғын үй кешеніндегі лифтіде дәретке отырған әйелді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция өкілдері әйел табылғанын және ол астаналық 36 жастағы тұрғын болып шыққанын хабарлады. Ұсталған әйел осы подъезде тұратын туған-туыстарына қонаққа келгенін айтыпты.

Ақпарат бойынша, әйел мас болмаған. Полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырды. Тәртіп бұзушыға бес АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейінгі уақытқа қамалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Принципиально Астана (@eto_astana_detka)

Оқиға Нұр-Сұлтандағы "Мұнар" тұрғын үй кешенінде болған, бақылау камерасына әйелдің лифтіде дәрет сындырғаны түсіп қалған. Бұл видео Желі колданушыларын дүрліктірген болатын. Ол Instagram-дағы eto_astana_detka парақшасында пайда болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай