24 мамыр 2020 12:24

Нұр-Сұлтанда мейрамханалар қандай жағдайда жұмыс істей алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

25 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда қызметі қалпына келтірілген кәсіпкерлік нысандардың ішінде 50 адамдық орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Прәлиеваға сілтеме жасап. 

"Залға 50 адамнан отыратын орыннан аспайтын орындық орната отырып, жобамен 50 адам отыратын орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етілсін және бір мезгілде келушілер отыратын орын санына сәйкес көрші үстелдердің шеткі орындары арсындағы 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ұжымдық іс шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады", - делінген қаулыда

Қаулыға сәйкес, коронавирус жұқтырған науқастардың саны төмендегенге дейін Ұлттық Олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларын қоспағанда, ұлттық құрама командаларды Олимпиадалық және параолимпиадалық ойындарға даярлау үшін пайдалану кезеңінде ғана түнгі клубтардың, фитнес-клубтар мен залдардың, тренажер залдарының, спа-салондарының массаж, косметологиялық кабинеттердің, клиникалар мен орталықтардың, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің қызмет етуіне тыйым салынған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети