12 мамыр 2020 09:06

Нұр-Сұлтанда Момышұлы даңғылы 10 күнге ішінара жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Момышұлы даңғылы жауын-шашын кәрізінің магистарльдық коллекторының құрылысына байланысты ішінара жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда Момышұлы даңғылы жауын-шашын кәрізінің магистарльдық коллекторының құрылысына байланысты ішінара жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"11-22 мамыр аралығында Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аумақта жауын-шашын кәрізінің магистарльдық коллекторының құрылысы жүргізілуіне байланысты Момышұлы даңғылы бойындағы көлік қозғалысы Тоқпанов көшесінің қиылысына дейін жабық болады", - делінген хабарламада. 

Жабық аумақты айналып өту бойынша көлік қозғалысы уақытша сызбаға сәйкес ұйымдастырылады.

"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жолдағы көлік кептелісін болдырмау үшін  жүргізушілерден өз бағдарларын алдын ала жоспарлауын сұрайды. Жөндеу жүргізіп жатқан аумақтардағы қозғалыс кезінде жол белгілерін негізге алып, бекітілген уақытша сызба бойынша жүріп, мұқият болуларын сұраймыз", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, аталған аумақта жүру жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін шектеледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети