30 қараша 2020 15:41

Нұр-Сұлтанда полицей тағы ерлік жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Нұр-Сұлтан қаласында полицей Ерлан Жаңабаев тағы да ерлік жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қаласында полицей Ерлан Жаңабаев тағы да ерлік жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қарашада түскі үзіліс кезінде сағат 13.00-де Сарыарқа ауданының БП-24 учаскелік полиция пунктіне учаскелік полицей Ерлан Жаңабаевқа Дүкенұлы көшесіндегі жатақхананың тұрғындары келген. Олар жатақханадағы бөлмелердің бірінен өрт тұтанғанын айтқан. Полицей ештеңе ойланбастан өрт орнына жеткен. Осы уақытта тұрғындар өрт туралы "102" нөміріне және өрт бөліміне хабарласқан.

"Бесқабатты жатақхананың төртінші қабатында орналасқан бөлмеде өрт тұтанған, бірақ ол ішінен жабық болған. Түтін дәлізге тарап, көзді ашқызбаған. Темір есік қиындық туғызған. Өртсөндірушілер келгенге дейін Ерлан Жаңабаев ішке кіріп, бөлмеде ес-түссіз жатқан ер адамды көреді. Кейін ТЖД қызметкерлерімен зардап шеккен адамды сыртқа шығарды. Ерлан Жаңабаев ер адамның бетін қармен жуып, жасанды тыныс алғызды. Содан кейін ес-түссіз жатқан адам тыныс ала бастады. Кейін жедел жәрдем шақыртылды",  - деді полициядағылар.

Зардап шеккен ер адамның 1978 жылғы екені анықталды. Қалған тұрғындар - 80-ге жуық адам эвакуацияланды. Өрт себебі анықталып жатыр.

"Мен өзімнің әкімшілік бөлімшемде отыр едім, оқиға орнына жақын болдым. Еш ойланбастан көмекке жүгірдім. Оған жасанды тыныс бердім, ол тыныс ала бастады. Бірақ мен өзімді батырмын деп есептемеймін, бұл - менің парызым", - деді Ерлан Жаңабаев.

Айта кетейік, Ерлан Жаңабаев ішкі істер органында 17 жылдан аса уақыт бойы еңбек етіп келеді.

Бұған дейін ол бірнеше рет ерлік жасады. Ақпанның басында өзінің әкімшілік учаскесін қарап жүргенде Орлыкөл көшесінде орналасқан жатақхана ғимаратынан өрт тұтанғанын байқап, үйдегі тұрғындары сыртқа шығарды.

Тағы бір жағдай Дүкенұлы көшесіндегі жатақханада болған. Ол кезде полицей екі баланы құтқарды. Үш жасар қыз бен жасқа толмаған бала үйдің ішінде кілттеулі қалып қояды. Анасы көмек сұрап, полицияға келеді. Ерлан Жаңабаев төртінші қабаттағы бөлменің терезесінен үшінші қабаттағы бөлмеге кіріп, есікті іштен ашқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети