31 шілде 2020 18:11

Нұр-Сұлтанда тағы бір стационар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: covid19.astana.kz Фото: covid19.astana.kz

Елордада коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарды емдейтін тағы бір стационар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сovid19.astana.kz сайтына сілтеме жасап.


Елордада коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарды емдейтін тағы бір стационар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сovid19.astana.kz сайтына сілтеме жасап.

№3 көпбейінді қалалық аурухананың терапевт-дәрігері Дәурен Молдажановтың айтуынша, 1 шілдеден бастап мұнда 1 мыңға жуық коронавирус жұқтырған науқас емделген. Олардың арасында жағдайы орташа және ауыр науқастар да болған.

"Бұл стационар толығымен өз міндетін атқарды. Мұнда тиіс медициналық жабдықтар, дәрілер болды. Бұл науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді", - дейді Дәурен Молдажанов.

Дертінен айыққан науқастың бірі - зейнеткер Бибіжан Қаппарова. Ол алғашында өзі үйде емделгенін ашық айтты.

"Мен 8 күн үйде өзім емделдім. Кейін жедел жәрдем қызметіне хабарластым. Олар мені осы стационарға алып келді. Мұнда 10 күн жатып емделдім. Медициналық персоналға, дәрігерлерге алғысым шексіз. Өмірлеріңізді қатерге тігіп, науқастарды емдегендеріңізге рақмет! Мен осында өзі ісіне адал жастар мен кәсіби мамандар бар екенін ризамын", - дейді зейнеткер қуанышын жасыра алмай.

Елордада коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін барлығы 16 стационар ашылды.

27 шілдеде қаладағы психикалық денсаулық орталығында COVID-19 жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты. Мұнда жарты айда 1 044 емделіп шыққан.

Айта кетейік, Қазақстанда 89 078 адам коронавирус жұқтырды. 59 517 науқас дертінен айықты, 793 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети