29 қаңтар 2020 11:47

Нұр-Сұлтандағы бұрқасын қар осыдан 56 жыл бұрынғы рекордты қайталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Экология министрлігінен Сурет Экология министрлігінен

Елордадағы қаңтар айында жауған қар 1964 жылғы рекордты қайталады. Бұл туралы "Казгидромет" РМК Ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасының басшысы Алуа Саханова айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Елордадағы қаңтар айында жауған қар 1964 жылғы рекордты қайталады. Бұл туралы "Казгидромет" РМК Ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасының басшысы Алуа Саханова айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Биыл қаңтар айы қар, бұрқасын, екпінді жел, ауа температурасы аномальды жоғары болуымен ерекшеленді. Температура нормадан 6 градусқа жоғары, ал норма -14 градус. Қазіргі таңда жауын шашын мөлшері 50 миллиметр болды. Норма - 16 миллиметр. Яғни бүгінгі таңда 3 айлық норма жауды.

Сондай-ақ, көпжылдық мәліметтермен салыстырсақ, бұдан 56 жыл бұрын 1964 жылы 51 мм қар жауған. Ал 1928 жылы 131 мм құраған. Ақпан айына консультативті болжам бойынша орташа тәуліктік температура мен жауын-шашын мөлшері норма шамасында. Яғни жауын-шашын мөлшері 15 миллиметр, ал ауа температурасы -14 градус", - деп атады Саханова.

Айта кетейік, 28 қаңтарда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1210 техника бірлігі мен 142 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Бүгін барлығы 25391 текше метр қар шығарылды (2115 рейс). Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 256 8790 метр қар шығарылды (214 065 рейс).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети