27 шілде 2022 15:35

Нұр-Сұлтандағы екі даңғылда автобус жолағы қайта ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары бойындағы автобус жолағы (Bus Lane) қайтадан іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары бойындағы автобус жолағы (Bus Lane) қайтадан іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"Елордалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы мәліметінше, 27 шілдеде сағат 15.00-де М-1 көпіріндегі жол төсемінің жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағының қозғалысын тіркеу қайта басталады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы жолайрыққа дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша жартылай жабылған болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы аралықта Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінде Bus Lane қозғалысы алып тасталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети