22 қазан 2019 09:37

Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы: Іске арнайы сарапшылар тартылды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда LRT құрылысына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтанда LRT құрылысына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қылмыстық іс 176-баптың 4-бөлігі "б" тармағы бойынша қарастырылып жатыр. 

"Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманың негізділігі, орындалған құрылыс жұмыстарының нақты көлемі, көрсетілген консультациялық қызметтер және техникалық қадағалаудың орындалуы тексеріліп жатыр. Қаржы мамандары экономикалық есептеулер жүргізіп, құрылыс мамандары салынған нысандардың бақылау өлшемдерін тексеріп жатыр", - делінген хабарламада. 

Хабарламада Ұлттық банкпен және Есеп комитетімен бірлесіп "Қытай даму банкінен алынған қаражатты "Астана Банкі" АҚ-ға орналастырудың заңдылығы мен негізділігі тексерілді" делінген. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі істің барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін кешенді шаралар қабылдайды", - деп хабарлады департаменттегілер.

LRT құрылысы 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталып, оны 2020 жылдың жазында іске қосу тиіс болған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын жоба қаражаты 1 миллиард 887 миллион доллар деп есептелген. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын сынға алды

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети