14 маусым 2021 17:31

Нұр-Сұлтандағы "Нұрлы жол" станциясы Ashyq арқылы жұмыс істейтін болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы "Нұрлы жол" вокзалы 17 маусымнан бастап Ashyq жобасы арқылы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтандағы "Нұрлы жол" вокзалы 17 маусымнан бастап Ashyq жобасы арқылы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті "Нұрлы жол" вокзал кешенінің жолаушылары мен келушілері, коронавирус инфекциясының таралу қаупін және байланыстар санын азайту мақсатында 2021 жылдың 17 маусымынан бастап "Нұрлы жол" вокзал кешеніне Ashyq жобасы енгізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты, ғимаратқа кіру үшін ұялы телефонға Ashyq қосымшасын алдын ала орнату қажет", - делінген станцияның Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ashyq қосымшасында 200 мыңнан аса вакцина алған адамға "жасыл" мәртебе берілгенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети