24 шілде 2020 11:15

Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне қарсы және карантин шараларының күшеюіне байланысты туристік аймақтар жабылатынын хабарлады.

Астанадан шығар жолда күзет қойылған, онда елордалық полиция қызметкерлері тұрғындарға демалыс орындарына автокөлік қозғалысы шектелгенін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді.

"Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады. Коронавируспен күресу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жағдайға түсінікпен қарап, суға шомылу маусымы ашық демалыс орындарына, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауы керек", - деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметінің басшысы Госман Жакин.

Елорда полицейлері тұрғындарға туристік аймаққа бармауға кеңес берді.

"Нұр-Сұлтан Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жауапты болуға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады, сондай-ақ коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қаладан тыс жерлерге бармауды сұрайды", - деп қорытындылады полиция өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети