09 маусым 2021 18:05

Нұр-Сұлтанның жоғары оқу орындарының бірі Гумилев атындағы ЕҰУ-ға қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: enu.kz Фото: enu.kz

Нұр-Сұлтандағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (ЕҰУ) Қаржы академиясы қосылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтандағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (ЕҰУ) Қаржы академиясы қосылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігі "Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Үкімет қаулысының жобасын жария талқылауға шығарды.

Құжатта Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Қаржы академиясы" АҚ қосу арқылы қайта ұйымдастыру ұсынылады.

Білім және ғылым министрлігінің түсіндірмесінде Қаржы академиясының Гумилев атындағы ЕҰУ-ға қосылуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру және білім беру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталғаны айтылған.

Жоба мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді. Оны талқылауға 23 маусымға дейін қатысуға болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети