27 мамыр 2022 10:52

Нұр-Сұлтанның прокуроры тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының жаңа прокуроры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының жаңа прокуроры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры тағайындалды.

"Нұр-Сұлтан прокурорының лауазымына әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов тағайындалды", - деп жазды Бас прокуратура. 

Ерлан Өтегенов прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында қызмет атқарған, оның ішінде басшылық лауазымдарда болды.
Алматы облысы Қарасай ауданының табиғатты қорғау прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы болды.

2019 жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети