20 сәуір 2019 13:31

Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды

Камила Долаева Журналист

Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұржан Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұржан Календеров 1976 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1997 жылы бизнес құрылымындарында бухгалтер болып бастаған.

2000-2003 жылдары "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығ" РМҚК-ның Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас маман, 2005-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2011-2013 жылдары Жамбыл және Қордай аудандарының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2017 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып жүр. 

"Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталған.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram