19 наурыз 2021 13:48

Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Әлімжанов. Фото ©Тұрар Қазанғапов Нұрлан Әлімжанов. Фото ©Тұрар Қазанғапов

Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Ақмола облысы Бурабай ауылында дүниеге келген. Ол - танымал ақын, жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Баянғали Әлімжановтың жалғыз баласы. Кішкентай кезінде ғарышкер, кейін десантшы болуды армандаған Нұрлан Әлімжанов кейін әкесінің ізімен жүріп, шығармашылыққа бет бұрады. Айтуынша, алғаш рет 8-сыныпта ән шығарған.

Ол "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. 2013 жылы 13 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. 2013 жылы Нұр Отан партиясының арнайы "Жас тұлпар" жастар сыйлығының иегері. Кино саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері. Сонымен қатар, Елбасының жеке алғыс хатымен марапатталған.

Еске салайық, 2019 жылы танымал актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған болатын

Үш баланың әкесі, кітапқұмар, 8-сыныпта ән жазған. Сіз кімсіз, Нұрлан Әлімжанов?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети