03 сәуір 2023 14:32

Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазына" басшысы болып тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын - Нұрлан Жақыповты таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын - Нұрлан Жақыповты таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы қордың алдында инвестициялар тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын айтты.

Сонымен қатар, қор отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға тиіс. Бұл ұлттық экономиканың орнықты даму жолында нығаюына мүмкіндік береді.

"Әрбір еншілес компания мен холдинг жұмысының басым бағыттары және KPI айқындалған, перспективалы міндеттер түсінікті. Қор - біздің елімізде үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Қордың тиімді жұмысына көп мәселе, әсіресе, бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобалар байланысты болып отыр", - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Нұрлан Жақыпов пен қордың барлық қызметкерінің жұмысына табыс тіледі.

Сонымен қатар, премьер-министр кейінгі екі жылда қорды басқарған Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети