Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Нұрлан Жоламанов өз кінәсін мойындамайды - адвокат

17 Қараша 2014, 11:50
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тұтқындалған экс-басшысы өз кінәсін мойындамайды. Пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған Нұрлан Жоламановтың адвокаттары Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында тергеудің қандай деңгейде екенін айтты.

"Жоламанов айыптаулардың бәрін жоққа шығарып отыр. Мұндай адамды айыптау үшін дәлелді негіздер керек, ал Жоламанов мырза ешқандай пара алмағанын, ешқандай қылмыстық топты құрмағанын айтты. Оның ұстанымы сондай", - деді Жоламановтың қорғаушысы Мағауия Елемесов.

Адвокаттың айтуынша, ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директорына қатысты қылмыстық істі тергеумен ҰҚК тергеу департаменті айналысып жатыр. Айыпталушы ҰҚК тергеу изоляторында отыр. Жоламановтың мүддесін екі адвокат қорғап жатыр. Бұған дейін олар қорғауындағы адамға қатысты бұлтартпау шарасын кепілмен босатуға немесе үй қамауына алуа ауыстыруды сұрап, өтініш білдірген болатын. Адвокаттар Нұрлан Жоламановтың денсаулығына алаңдап отыр.

"Сусамырмен ауыратын адам күйгелектенген кезде қанты көбейіп кетеді. Сондай лауазымдағы адамның осындай жағдайға түсуі, ауыр қылмыстар бойынша айыпталуы, әрине, оған ауыр тиді. Содан оның жағдайы қиындап кетті. Қанты көбейіп, қысымы артты. Кез келген уақытта комаға түсуі мүмкін", - деді адвокат. Жоламановтың қорғаушылары оны санитарлық бөлімге ауыстыруды сұрап, өтініш білдірді. 

Адвокат тергеудің жалғасып жатқанын, қорғауындағы адамның кінәсіздігі туралы айта әлі ерте екенін айтып, істің өзге де мән-жайы туралы жария етпеді. 

"Мен оны ұзақ жылдан бері білемін, ол өте адал адам болды. Ол өз беделі үшін қауіптенетін. Қарапайым ғана, біреу "Менің ұлымды қызметке алшы" десе, ол ешқашан мұндайға араласпайтын, себебі ертең ол бірнәрсе бүлдірсе, бұл оның беделіне нұқсан келтіреді. Дұрыс па? Жұмысында ол заңбұзушылықтарға өте қатал қарады. Бүгінде оның Шекара қызметін биікке көтергенін ешкім жоққа шығара алмайды: ол барлық жерде тәртіп орнатты, аяқталмаған құрылыстарды қолға алды. Оның айтуынша, ол алғаш болып Шекара қызметін дамытудың кешенді жоспарын жасады. Бұл жоспар бекітіліп, мақұлданды", - деді адвокат Елемесов. 

Еске сала кетейік, Нұрлан Жоламановты тұтқындауға осы жылдың 27 желтоқсанына дейін санкция берілген болатын. Оған ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі - пара алу және 235-бабының 3-бөлігі - бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және басқару бойынша айып тағылды. Адвокаттың айтуынша, бұл істе басқа да күдіктілердің пайда болуы ғажап емес. Нұрлан Жоламанов 300 мың доллардан асатын пара алды деп айыпталып отыр.

"Мен оның қандай да бір пара алғанына сенбеймін. 90-жылдардың соңында бір генерал болғаны естеріңізде ме? Ол үлкен лауазымды атқарады, ол да жауапкершілікке тартылған болатын, оны сот ақтап шығарды. Сол кезде ол соттан шығып: "Президент мырза, мен өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдедім!" деді. Сондықтан ертең осылай боларын ешкім жоққа шығармайды. Үміттенеміз",  - деді Елемесов. Ол тергеу изоляторына келген сайын Жоламанов бұдан: "Жұртшылық не деп жатыр?" деп сұрайтынын айтты. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай