25 мамыр 2022 08:17

"Нұрлан Сабуров қателік жасады". Өнердегі әріптестері АҚШ-қа жасаған турын сынады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТНТ ТНТ

Танымал әзілкеш, стендап комик Нұрлан Сабуровтың Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде АҚШ-қа тур жасау туралы шешімі қателік болды. Бұл пікірді Дмитрий Романов блогер Юрий Дудюге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал әзілкеш, стендап комик Нұрлан Сабуровтың Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде АҚШ-қа тур жасау туралы шешімі қателік болды. Бұл пікірді Дмитрий Романов блогер Юрий Дудюге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ойымша, ол қателік жасады. Қателігі - осындай жағдайда тур жасауы, өнер көрсетуі. Дәл осындай жағдайда бұл қажет емес еді. Концертті кейінге қалдыруға болады ғой", - деді Романов.

"Мүмкін оған осы концерттерді ұйымдастырған біреу әсер еткен шығар",- деп қосты әзілкеш.

Романов Сабуров бұл сапар қателік болғанын айтып, халықтан кешірім сұраса бәрі орнына келетінін айтты. Блогердің неліктен бұлай істемейді деген сұрағына әзілкеш: "Болмайтын шығар", - деп жауап берді.

Одессада дүниеге келген Романов Ресейден қалай ұшып кеткенін, неге мұндай шешімге келгенін, соғыс туралы үндемей қалуға бел буған сахналық әріптестеріне қалай қарайтынын айтып берді.

Еске салайық, осыған дейін Нұрлан Сабуровтың Қазақстанға жоспарланған "Принциптер" туры белгісіз себеппен кейінге қалдырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети