Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Нұрсұлтан Назарбаев алматылықтарды қаланың 1000 жылдығымен құттықтады

18 Қыркүйек 2016, 19:04
0
© Ақорда
© Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаланың 1000 жылдық мерейтойына орай Алматыға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы "Алматы Арена" мұз сарайындағы "Алматының 25 шыңы" салтанатты шарасына қатысты. 


© Ақорданың баспасөз қызметі

"Бұл дата ЮНЕСКО-ның Адамзаттың атаулы және мерекелік күндері күнтізбесіне енген. Аталған шешім Алматының өңірлік және жаһандық дамудағы бірегей рөлінің айрықша екенін көрсетеді. Алатау бөктеріндегі қастерлі өлке өз тарихында көп нәрсені басынан өткерді. Бұл жерден алып Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін жалғаған алғашқы сауда жолы және жалпы адамзаттық магистраль - Ұлы Жібек жолы өткен. Бес жүз елу жыл бұрын Жетісу Қазақ хандығының бесігі болды. Бұл жерде бүкіл Орталық Азия аймағының урбанистік мәдениетінің басты ошағының бірі пайда болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 


© Ақорданың баспасөз қызметі

Елбасы Алматының ХХ ғасырдағы оқиғалар тізбегінде айрықша рөлге ие екеніне назар аударды.

"Қала 1929 жылы Қазақстанның кезекті астанасына айналып, кейіннен миллиондаған тұрғыны бар мегаполиске дейін өсті. Алматыға егемен Қазақстанның алғашқы астанасы болу мәртебесі бұйырды. Сондықтан біз бүкіл халық болып қаланың мыңжылдығын Отанымыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде мерекелеудеміз. 1995 жылы жалпы халықтық референдумда республика Конституциясы қабылданды. Осы қалада "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заң қабылданды. Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Нақ осы жерде жаңа елорда - Астана туралы тарихи қаулы қабылданды", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері әрқашан мемлекеттің басты назарында екенін атап өтті.

"Былтыр қаланың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды. Ол тұрғындардың өмірін, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, бизнес үшін қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі нақты шараларды қамтиды. Қазіргі Алматы – Қазақстанның батыл әрі қарқынды дамуының көрінісі. Соңғы 5 жылдың өзінде қала аумағы 2 есе өсті. Тұрғындардың жалпы саны - бір миллион жеті жүз адам. Алматы метрополитені қазірдің өзінде 30 миллионнан астам жолаушы тасымалдады. 2017 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады. Ол "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық магистралінің бір бөлігі болмақ. "Инновациялық технологиялар саябағы" арнайы экономикалық аймағы құрылып дамытылуда, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті республикадағы барлық кәсіпкерлік сектордағы өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің төрттен бірі тиесілі шағын және орта бизнес субъектілерінің маңызды рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Универсиадаға дайындық халықтың көбірек жұмыспен қамтылуына, қаланың туристік саласының дамуына жаңа серпін бергеніне назар аударды.

"Оның бірегей нысандарының құрылысына 107 миллиард теңге инвестиция тартылды. Соның арқасында мың жарым шағын және орта бизнес субъектілері жұмыспен қамтылып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Қысқы Универсиадаға 57 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Алматының туристік кластерін дамыту арқылы 90 мың қала тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі", - деді Елбасы.

Соңында Қазақстан Президенті барша қазақстандықтарды олардың сүйікті әрі әсем де теңдессіз қаласының мыңжылдығымен тағы да құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі.

Салтанатты гала-концертке ЮНЕСКО делегациялары, туыстас қалалардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және әртістер қатысты.

Айта кетейік, бүгін қаланың әр бөлігінде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Кешкісін қала тұрғындары үшін Apple Fire отшашу мерекелік шоуы ұйымдастырылады. Қалалықтар мен қонақтар отшашуды қаланың үш нүктесінде сағат 21.00-де (Көктөбеде, "Астана" алаңында және "Алматы Арена" мұз сарайында) тамашалай алады. Қала күніне орай мерекелік іс-шаралардың қайда және қай жерде өтетінін мына төмендегі афишадан көре аласыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай