20 қараша 2014 11:16

Нұрсұлтан Назарбаев Чехия президентімен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Чехия президенті Милош Земанмен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Чехия президенті Милош Земанмен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу Чехия президентінің 24 қарашада елімізге жасайтын ресми сапары аясында өтеді. "Сапар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара ықпалдастықты нығайтуға қосымша серпін береді деп күтілуде", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, екі ел арасында машина жасау, энергетика және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы зор.

Бұған қоса, 25 қарашада Қазақстанға Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов ресми сапармен келеді, сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан Президентінің 2013 жылы маусымдағы Өзбекстанға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асу барысын талқылайтын болады.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын қарастырады", - делінген Ақорданың сайтында. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети