20 қараша 2019 17:42

Нұрсұлтан Назарбаев Жақып Асановпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездесті, - деп хабарлайды Elbasy.kz.


Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен кездесті, - деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесу барысында сот және елдегі барлық сот жүйесінің реформасы нәтижесі талқыланған. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті заңның үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру жөнінде шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

"Барлық жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінде судьялар алдында күрделі міндет тұр. Адамдар әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Мұнда ең бастысы - әділ сот шешімінің шығуы. Барлығы заң аясында болуы тиіс", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кәміл Муллашевты
қабылдады.

Кездесу барысында Елбасы танымал суретшінің отандық өнер және мәдениет саласын дамытудағы қосқан үлесінің жоғары екенін атап өтті.

Кәміл Муллашев Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қазақстандық өнер қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін
алғыс білдірді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети