23 мамыр 2014 20:40

Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның үкімет басшысын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Tengrinews иллюстрациясы ©Tengrinews иллюстрациясы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның үкімет басшысы Наджиб Тун Разакты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның үкімет басшысы Наджиб Тун Разакты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Қазақстанға Малайзия елінің үкімет басшысы Наджиб Разак Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми шақыртуымен келді.

Кездесу барысында екі елдің арасындағы сауда-саттықтың дамуы, инвестициялық әлеуеттің жайы, индустриалды-инновациялық қадамдар және мәдени-гуманитарлық салалардағы жетістіктер талқыға түсті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Наджиб Тун Разакқа Астана экономикалық форумына қатысқаны үшін алғыс білдірді.
"Соңғы үш жылда біз үш мәрте кездестік. Бұл екі ел арасындағы байланыстың белсенді бола түскенін көрсетеді. Былтыр көрсеткіштердің 14 %-ға артқанына қарамастан, 130 миллион доллар тауар айналымы көлемінің жеткіліксіз екенін айтқан жөн. Бұл бағытта бізде зор мүмкіндік бар. Екі елдің  және жеке өзіміздің арамызда қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қарым-қатынас  сіздің сапарыңызда екіжақты ынтымақтастық үшін пайдалы болады деп айтуға мүмкіндік береді" - деді Мемлекет басшысы.

Ал өз кезегінде Наджиб Тун Разак форумға қатысуға ғана емес, ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.  Наджиб Тун Разак бірқатар салалардағы ынтымақтастықтың деңгейі өсіп келе жатқанын, бұған дейінгі кездесулер барысында межеленген уағдаластықтарды жүзеге асыруға оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін көлік-логистика саласындағы мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Малайзия Премьер-министрі өзара іс-қимылды мемлекетаралық деңгеймен қатар халықаралық құрылымдар аясында да нығайтудың мән-маңызына назар аударды. 

Қазақстан-Малайзия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың наурыз айында басталды. 1996 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия еліне алғаш сапарлады. Ол жылы екі ел арасындағы сауда әріптестігін дамыту және ғылыми-техникалық әріптестікті нығайту келісімдеріне қол қойылды. Өткен жылы Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 122,7 миллион долларды құрады.

Айта кету керек, Малайзия Қазақстанның ЮНЕСКО-ның атқару кеңесінің мүшелігіне өтуін және Астанада EXPO-2017 көрмесін өткізуін қолдаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети