05 наурыз 2014 16:16

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге келді. ©REUTERS Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге келді. ©REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Отырыс барысында еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары қаралады", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Бүгін - 5 наурызда өтетін бұл отырысқа Ресей мен Беларусь Президенттері де қатысады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысынан бөлек ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуді де жоспарлап отыр. "11 наурызға жоспарланған келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық пен өзекті халықаралық мәселелерін жоғары деңгейде талқылау көзделіп отыр", - делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Бұл кездесу - Владимир Путиннің бастамасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети