Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айтты

02 Сәуір 2015, 14:01
0
©REUTERS
©REUTERS

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Охот теңізінде "Дальний Восток" кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Ресей президентіне және қаза болғандардың отбастарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Бұған дейін, "Дальний Восток" кемесінің Охот теңізінде апатқа ұшырап, 40-тан астам адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Кеме Магаданнан шамамен 300 шақырым жерде бейсенбіге қараған түні батып кетті. Бортта 132 адам болған, олардың 78-і ресейлік, 54-і шетелдік азамат.

Алдын ала мәлімет бойынша, экипаж құрамында ресейліктерден бөлек, Бирманың, Вануатудың, Латвия мен Украинаның азаматтары болған. Охот теңіздегі кеме апатының себебі техникалық қауіпсіздіктің бұзылуы болуы мүмкін.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай